Қазақстандағы индустриялық-инновациялық инфрақұрылымды құру:


 

15-16 наурызда Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің қатысуымен 200-ден астам Қазақстан бизнесінің, ұлттық компаниялар мен мемлекеттік органдар өкілдері қатысқан 2010 жылғы исламдық қаржыландыруы бойынша Қазақстан конференциясы ұйымдастырылды.

Президент «Жаңа онжылдық - жаңа экономикалық өрлеу - Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауы аясында «Қазақстан 2020 жылы ТМД мен Орталық Азиядағы ислам банкингінің өңірлік орталығына айналуы тиіс» деп атап көрсеткен болатын. ҚР Үкіметінің бастамашылығы бойынша ұйымдастырылған аталған іс-шара Орталық Азиядағы исламдық қаржыландыру бойынша ең ірі жыл сайынғы алаң болуы тиіс.

Алғаш рет Қазақстанда ислам қаржы нарықтарын реттеушілер, Бахрейннен, Сауд Арабиясынан, БАӘ және Малайзиядан банкирлер мен консультанттар келеді, олар қазақстандық компанияларды ҚР мемлекеттік, қаржы құрылымдарымен исламдық қаржыландыру мүмкіндігін және оған болатын кедергілерді талқылады.

Конференцияда талқыланған мәселелер:

·         Қазақстанда алғашқы ислам банкі - AL Hilal Bank-ін ашу

·         ҚР Қаржы министрлігінің ислам бағалы қағаздарын (сукук) шығару бойынша бастамалары

·         Заңнамадағы исламдық қаржыландыруға қатысты соңғы өзгерістер

·         Қазақстан Даму банкімен бірлескен ислам банкін құру

·         Ислам қаржы құралдарының көмегімен басымды инвестициялық жобаларды қаржыландыру мүмкіндіктері

       

ҚР ИЖТМ Ақпарат басқармасы

 

15 наурыз, 2010